Терроризмге қарсы әрекеттер жаттығуы өтті. » «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№31 жалпы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 52-23-15
Бухгалтерия
+7(7222) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Терроризмге қарсы әрекеттер жаттығуы өтті.
21
ноябрь
2024

Терроризмге қарсы әрекеттер жаттығуы өтті.

Терроризмге қарсы әрекеттер жаттығуы өтті.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты  негізінде 2024 жылдың  21 қарашасында №31 жалпы орта білім беретін  мектебінде  антитеррорлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектеп  қызметкерлері мен оқушылары қамтылған жаттығу өткізілді. Жаттығу алдында мектеп директоры Хасенов К.М. және жаттығуға жауапты АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сарсенбин Б.М. мектептің  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалармен (күзет, вахта қызметкерлері)  нұсқаулық   өткізді. Жаттығу мектеп   ғимаратында  қауіпті және белгісіз заттың табылуынан басталып, болған жағдайды мектеп басшысына баяндап, одан алгоритм бойынша іс-қимыл әрекеттерін орындауға нұсқаулық алуымен жалғасты.  Алдымен белгісіз және қауіпті зат оқшауланып, мектеп ғимаратынан мектеп қызметкерлері мен оқушылары қауіпсіз аймаққа  эвакуацияланды. Тиісті құзырлы орындарға дабыл беріліп, олар ғимараттағы белгісіз қауіпті атты залалсыздырғанан кейін  жаттығу аяқталып,, мектеп директоры Хасенов Қ.М. жаттығу қорытындысын шығарып, жіберлгін кемшіліктермен жұмыс жүргізілуі жөнінде міндеттер жүктеді.