19
ноябрь
2019
Ағылшын тілі пәні апталығы
2019 жылы 19 қарашада ағылшын тілі пәні апталығы кезінде ӘБ жетекшісі Каирбекова Айнур Абишевна және ағылшын тілі пән мұғалімдері Толымханова Айгуль Серикказыевна мен Мынжанова Динара Серикжановна 5-7 сыныптар аралығында «Project time» ,«History of Britain» тақырыбында сабақтан тыс іс- шара өткізді. Бұл іс-шарада сынып оқушылары өздерінің Ұлыбритания тарихын қаншалықты терең меңгергендерін көрсетті. Сабақ барысында оқушылар презентация, проекттілік жұмыстар жасау және оларды қорғау барысында асқан шеберліктерін танытты. Оқушылар берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындады.
