Ұлт келбеті-Ұстаздар » «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№31 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-23-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2024

Ұлт келбеті-Ұстаздар

⚡️ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ: АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ГАЛЕРЕЯ ЖАСАЛДЫ

Абай облысының білім басқармасы еліміздің білім беру саласында қажырлы еңбек етіп, ел болашағына үлес қосқан ұстаздарға арнап арнайы галерея жасады. Мұнда «Қазақстанның Еңбек Ері» және «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атақтарына ие болған педагогтердің есімдері мен бейнелері лайықты құрметпен көрсетілді. 

Бұл стенд облыстық инновациялық-әдістемелік орталыққа орналастырылды, ал ұстаздардың фотосуреттері облыс орталығындағы LED экрандар мен билбордтарда орналастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымының еңбегін жоғары бағалап, олардың ұлт болашағын қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өткен еді. Президенттің айтуынша, ұстаздардың ұлағаты — келешек ұрпаққа жол сілтер шамшырақ. 

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та: «Ұстаз – ұлттың келбеті, мемлекет тарапынан жасалған бұл құрмет олардың еңбегін бағалаудың бірден-бір белгісі», – деп мәлімдеді. 

Семейлік педагог Алма Шүкежановаға «Қазақстанның Еңбек Ері» және Наталья Тегайға «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағының берілуі — педагогтерге деген зор құрметтің айқын көрінісі.

Бұл галерея ұстаз еңбегінің қадірін арттырып, мұғалім мәртебесін көтеруге арналған. Ұстаздардың жетістіктерін ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойында білімге құштарлық пен ұстазға деген құрмет сезімін қалыптастыру – осы бастаманың басты мақсаты. Барша ұстаз қауымын ел болашағына үлес қосуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етуге шақырамыз.