"Айдана" балабақшасымен сабақтастық » «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№31 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-23-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Айдана" балабақшасымен сабақтастық
30
апрель
2025

"Айдана" балабақшасымен сабақтастық

«Айдана» балабақшасымен сабақтастық

      Мақсаты: Мектеп пен балабақшаның арасында тығыз байланыс жасай отырып баланы жүйелі сатылу дамыту.

      Міндеттері: Тәрбие мен білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің әдістемелік өзара әрекеттігін сан алуан формалары арқылы жүзеге асыру. 

     «Айдана» балабақшасы мен №31 орта білім беретін мектеп арасындағы тығыз сабақтастық оқу мен тәрбиенің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.   Бұл бағытта бірқатар іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырылды. 

Жоспарланған іс-шаралар: 

  • Мектепке даярлық тобына арналған ашық сабақтар (5 сабақ өткізілді)
  • Балабақша тәрбиеленушілерінің мектеп кітапханасына экскурсиясы (2 рет)
  • Мұғалімдер мен тәрбиешілердің бірлескен әдістемелік кеңесі (3 кездесу)

      «Айдана» балабақшасымен жүргізіліп жатқан сабақтастық жұмыстары тәрбиеленушілердің мектепке бейімделуін қамтамасыз ету, білім беру мазмұнындағы бірізділікті сақтау және оқу-тәрбие процесінің үздіксіздігін нығайту мақсатында жүзеге асырылады. 

      Ағымдағы оқу жылы ішінде мектеп пен балабақша арасындағы өзара байланыс жоспарға сәйкес жүргізілді. Бірінші кезекте, мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері арасында кесдесулер ұйымдастырылып, мектепалды даярлық тобының оқу бағдарламасы мен мектептегі бастауыш сынып бағдарламасы арасындағы сабақтастық мәселелері талқыланды. Бұл кезедсулер барысында екі тарап өзара тәжірибе алмасып, балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктеріне тоқталды. 

Мектеп педагогтері балабақшадағы ашық сабақтарға қатысып, балалардың даму деңгейін бағалап, олармен еркін қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Сондай –ақ балалақша тәрбиешілері бастауыш сыныптағы сабақтарға қатынып, оқушылардың жетістіктерін көріп,  мектеп өмірімен танысты. 

Мектепалды “Б” сыныбындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің                             фрагменттері

Тақырыбы: «Біз – сауаттымыз, Бірінші сыныпқа барамыз!»

Мақсаты: Балалардың сауат ашу бойынша алған білімдері мен дағдыларын жинақтап, бекіту; олардың бірінші сыныпқа дайын екендігін көрсету; өз күшіне сенімділігін дамыту және мектепте оқуға деген оң көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиеші: Хасенова Меруерт Алшынгазиновна

Математика негіздері / 0 «А» сынып

Тақырыбы : « Сандар әлемі»

Мақсаты: Балаларды 1-10 дейінгі сандарды тура және кері санау, сандар ретін түсіндіру . Сандарды салыстыру, қосу, азайту амалдарын үйрету.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

1 «Ә» сынып /  Канафина Ж.С

Тақырыбы: пиктограмма мен диаграмма құру.Сабақтың мақсаты:деректер жинау, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды күнделікті материалдың көмегімен жүйелеу және құру.

1 "Б" класс  / Каирбаева Ш.М.

Тема: Звуковой анализ слов. Цель: умение определять количество звуков и букв в слове, характеризовать звуки, составлять письменную фиксацию звучащего слова.

          Сонымен қатар, балабақша тәрбиеленушілеріне арнап мектепке танысу экскурсиясы ұйымдастырылды. Бұл шара барысында балалар мектептің ішкі құрылымымен, оқу кабинеттерімен және мұғалімдерімен танысты. Бұл балалардың мектепке деген қызығушылығын оятып, келешекте туындауы мүмкін бейімделу мәселелерінің алдын алуға ықпал етті. 

           Жыл бойы өткізілген бірлескен семинарлар мен әдістемелік кеңестер педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, сабақтастықты сақтауға мүмкіндік береді. 

Ата-аналармен де тығыз жұмыс жүргізіліп, баланың мектепке дайындалуы мен бейімделуі бойынша кеңестер берілді.  

         «Айдана» балабақшасымен орнатылған сабақтастық өз нәтижесін беріп отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, мектепке дейінгі және мектеп кезеңі арасындағы байланысты одан әрі нығайту жоспарланып отыр.