«Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру» атты ашық тәрбие сағаты
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Семей қаласының №31 жалпы орта білім беретін мектептің 7 «А» сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға мектептің директоры, тәрбие ісінің меңгерушісі, тарих пәні мұғалімдері қатысты. Шара барысында оқушылар бағдарламаның бағыттары мен міндеттері жайлы мәліметтер жинақтады. Оқушылар топпен жұмыс жасап, өз пікірлерін постер қорғау арқылы жеткізді. Сергіту сәтінде оқушылар «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жапырақша стикерлерге жазып, мемлекетіміздің көркеюіне үлес қосатындарын айтты. В рамках программной статьи «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» был проведен открытый классный час на тему «Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру» среди учеников 7«А» класса общеобразовательной школы № 31 в городе Семей. В мероприятии приняли участие директор школы, руководитель воспитательной работы и преподаватели истории. Во время мероприятия ученики узнали информацию о целях и задачах программы. Ученики работали в группе и высказывали свои мнения через постеры.