Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі
https://www.instagram.com/reel/CxwjYWlKumD/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2023 жылдың қыркүйек айының 18-і мен 29-ы аралығында "№31 ЖОББМ" КММ «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі өтті.
Мақсаты: қазақ тілі мәртебесін көтеру; тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін кеңістік қалыптастыру және тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға ынталандыру.
Міндеттері:
-Қазақ тілін оқыту, сонымен қатар, көптілділікті меңгеруді жолға қою;
-Өмірден өз орнын таңдай алатын, кез келген ортаға тез бейімделетін, өз ойы мен пікірін үш тілде жеткізе алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Онкүндікті өткізуге қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері атсалыса қатысты. Онкүндік барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар,мұражайда танымдық сабақтар мен саяхаттар өткізілді.