Ата- аналар назарына- деструктивті діни ағымдардан сақтану » «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№31 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-23-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата- аналар назарына- деструктивті діни ағымдардан сақтану
08
октябрь
2024

Ата- аналар назарына- деструктивті діни ағымдардан сақтану

«Балаңыздың деструктивті діни ағым ықпалына түскенін қалай анықтауға болады?

Мұны балаңыздың мінез-құлқындағы келесі өзгерістерден байқауға болады:

-отбасы мен достарына немқұрайлылық танытып, оқуға және әдеттегі хоббилеріне қызығушылығы төмендесе;

-күнделікті, үйреншікті нәрселерге орынсыз ашумен жауап берсе, барлығына немқұрайлы қараса;

-діни терминдер мен дәйексөздерді жиі қолданса;

-әдеттері мен киім үлгісі өзгеріп, мінезі тұйықталса, көп уақытын діни кітаптарды оқумен өткізсе.

Балаңыздың арбалуына жол бермеу үшін онымен жиі сөйлесіп, ең жақын және сенімді досы болыңыз.

Балаңыздың интернет-кеңістіктегі қызығушылықтарын бақылауға алыңыз.

Сақ болыңыз, өзіңізді және балаңызды қорғаңыз!

#antiter018audio2»