«21-ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгілі бол» атты бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек республикалық конференция
«№31 ЖОББМ» КММ «21-ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгілі бол» атты бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек республикалық конференция өтті. Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын мектеп директоры Орумбаева Алма Джамбуловна келген ата-аналарға таныстырды. Конференция Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған сценарияімен өткізілді. Конференцияда аса маңызды мәселелер: интернет қауіпсіздігі, мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту, балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары қарастырылды. Қосымша бейнероликтер көрсетілді. Конференцияны педагог-психологтар Балкен Меркен Балкенұлы және Азубаева Камшат Айдаровна жүргізді.