24
ноябрь
2023
Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі
Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі
13.11-24.11.2023 ж.
2023 жылдың 13-21қарашасында “№31ЖОББМ”КММ-де жаратылыстану пәндері онкүндігі өтті.
Мақсаты: Жаратылыстану пәндерінде және сабақтан тыс іс -шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру,ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Онкүндік барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, сыныптан тыс іс- шаралар.
Биология пәні мұғалімдері Катпенова Б.Б. 10-11-сыныптар арасында «Биология әлемі» және 5 сыныптар арасында «Знатоки природы», ал Молчибаева Д.К. «Мир человека» турнир эрудитов» атты инттеллектуалдық сайысын өткізсе. Химия және география пәні мұғалімдері Ахметжанова Р.К., Тайжумина А.А. 10 сыныптар арасында «Жаратылыстану ғылым-әлемі » интеллектуалды ойынын ұйымдастырып, адамзаттың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін көрсету мақсатында көңілді іс-шаралар өткізді. География пәнінің мұғалімі Токтарова Ж.Х. 9 сыныптар арасында «Мой любимый-Казахстан» атты сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Сонымен қатар, жаратылыстану әдістемелік бірлестігіндегі әр мұғалім өздерінің кезекті ашық сынып сағаттарын өткізді. География пәні мұғалімі Ахметжанова Р.К. «Заттар мен материалдар» атты ашық сабақ, биология пән мұғалімі Молчибаева Д.К. «Зәр шығару жүйесінің гигиенасы» атты ашық сабақ, химия пәнінің мұғалімі Тайжумина А.А. «Металдар құймалары» тақырыбында химияны оқыту барысында кезекті сабағын жоғары деңгейде өткізді.







