«Білім жолын бастаған,бастауышым бастамам » атты бастауыш сынып апталығы. 2020 жылы 10 наурызда бастауыш сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты : оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, пән мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және мұғалімнің іс – тәжірибесін жинақтау болды. 2-3 сынып оқушыларымен математика пәні бойынша «Санды өрнектер» тақырыбында Нурашева Инкар Бахтыновна мен Амирова Ляззат Базархановна өткізді. Іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, білімдерін көрсетті.