"Тарих-өткенге сабақ, келешекке өнеге" атты тарих пәні бірлестігінің онкүндігі
"Тарих-өткенге сабақ, келешекке өнеге" атты тарих пәні бірлестігінің онкүндігі
"Тарих-өткенге сабақ, келешекке өнеге" атты тарих пәні бірлестігінің онкүндігі аясында "Ұлт тәуелсіздігінің басты тұғыры-ұлттық құндылықтар" тақырыбында 11 желтоқсан 2023 жылы 1 қабатта 8-10 сынып оқушылары мен домбырашылардың қатысуымен тарихи іс-шара мен онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.1. "Тарихи атаулы даталар"
2. "Тарихи тұлғалар"
Онкүндік аясында алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында әртүрлі іс-шаралар жоспарлануда.
Жауапты тарих пәні мұғалімдері мен Нысанбаева Гаухар Канатовна
11.12.2023 жылы«Ұлт тәуелсіздігінің басты тұғыры-ұлттық құндылықтар-Тәуелсіздіктің 32 жылдығы» тақырыбында тарих пәні онкүндіктің ашылу салтанаты болды, онкүндіктің жоспары хабарланып, 1 қабатта фойеде домбырашылар күйлерін орындап, оқушылар мен мұғалімдерді жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Тарих пәні мұғалімдері оқушылар мен мұғалімдерге «Тарих. Уақыт.Оқиға» тақырыбында викториналық сұрақтар қойып, «1 сұрақ-1 бауырсақ»акциясымен дұрыс жауап бергендерге бауырсақтар таратылды. Тарих пәні онкүндігіне арналған «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні» тақырыбында банер, тарихи тұлғалардың портреттері мен нақыл сөздері жазылған қораптар, қабырға газеттері ілінді .


11.12.2023 жылы тарих пән мұғалімі Балтабекова Н.А 5 «Б» сыныбында «Археологическая находка «Золотой человек»» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Бұл сабақтың мақсаты оқушыларға Алтын адамның ашылу тарихы, сақтардың дүниетанымы туралы білімдерін еске түсіру, ескерткіштің ашылу тарихын білу, оқушылардың білім деңгейін бақылау, жұмыс жасау қабілетін дамыту болды. Ашық сабаққа мектеп диреторы К.М.Хасенов, оқу ісі жөніндегі орынбасары И.Б.Нурашева және пән мұғалімдері қатысты. Ашық сабақтар ұтымды жүйелі түрде өткізілді.

13.12.2023 жылы тарих пәні мұғалімі Г.К.Нысанбаева 9 «А» сынып оқушылырымен құқық негіздері пәнінен «Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады» тақырыбында ашық-зерттеу сабағын өткізді.


14.12.2023 жылы мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі А.М.Айтуғанованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» тақырыбында GR-кодпен 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен викторина сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың, тарихқа қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы тарихи білімдерін жетілдіру.
15.12.2023 жылы Семей қалалық орталықтандырылған кітапханасында тарих пәні мұғалімі Г.К.Нысанбаеваның ұйымдастыруымен 10 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіз елдің жастары» тақырыбында әдеби кеш өтті. Әдеби кештің мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту, Қазақстанның өткені мен бүгініне, болашағына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. Әдеби кешке Желтоқсан оқиғасының қатысушылары мен ардагерлері қатысып, бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісті, жастарға ақыл-кеңестерін айтты.


19.12.2023 жылы тарих пәні мұғалімі Ж.К.Кенжибекова 8 «А» сынып оқушыларына «Әскери коммунизмнен ЖЭС-қа көшу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:Деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы ЖЭС-тың нәтижесінде орын алған өзгерістерге баға беру.



20.12.2023 жылы Ф.М.Достоевскиий атындағы мұражайда тарих пәні мұғалімі Г.К.Нысанбаева және мұражай қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 6 «А», «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Еліміздің егемендігі үшін күрескен тұлғалар» атты тарихи танымдық сабақ өтті. Тарихи танымдық сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасының қатысушылары мен қаһармандарын еске алу және дәріптеу. Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.


22.12.2023 жылы тарих пәні онкүндігінің соңғы күні өткізілген шаралардың қорытындысы өтті.
Тарих пәні онкүндігіне белсене қатысқан , әртүрлі сайыстар мен сыныптан тыс іс-шараларда жүлделі орын алған сыныптар, оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды.

