«Цифрлық әлемге-кемел біліммен» айлық » «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№31 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-22-69
Есепші бөлімі:
+7(7222) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Цифрлық әлемге-кемел біліммен» айлық
28
ноябрь
2025

«Цифрлық әлемге-кемел біліммен» айлық

2025-2026 оқу жылы

10.11.2025- 30.11.2025 жылы аралығында Математика,информатика,физика пәндер бірлестігінің

«Цифрлық әлемге-кемел біліммен» атты айлығы

болып өтті.

10.11.2025  «Цифрлық әлемге-кемел біліммен» атты тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты болды. 

1 қабатта фойеде, оқушылармен әр-түрлі ойндар ойнатылды. Балаларға жақсы көңіл күй сыйланды. 

 Ныгманбекова К.М., информатика пәнінің мұғалімі

І. МИФ ӘБ аясында информатика пәнінің мұғалімі К.М.Ныгманбекова 13.11.2025 ж. 9«А» сыныбында «Электрондық кестеде деректер базасын құру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау. Сабақтың мақсаты анық қойылған және оқушыларға түсінікті түрде жеткізілген. Сабақ құрылымы оқу әрекеттерінің кезеңдеріне сәйкес ұйымдастырылған: қызығушылықты ояту, жаңа материалды түсіндіру, практикалық жұмыс, қорытынды. Сабақтың барысы ашық сабақ талаптарына сай өткізілген. Сабаққа қатысқан оқушылар жоғары деңгейде белсенділік танытты. Практикалық тапсырмаларды өз бетінше орындауға қызығушылық білдіріп, ұсынылған әрекеттерді тиімді орындады. Оқушылардың сұрақ қою, пікір білдіру және тапсырмаларды орындау динамикасы оң нәтиже көрсетті.

Информатика пәнінің мұғалімі К.М. Ныгманбекова 20.11.2005 ж. «Робототехника көпірі: Бастау — Болашақ» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға 4 «А», 4 «Б», 4 «В» және 9 «Б» сыныптарының оқушылары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — 4-сынып және 9-сынып оқушыларының робототехника бағытындағы жобаларын біріктіру, оқушылардың мотивациясы мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ әртүрлі жас топтарындағы оқушылар арасында тәлімгерлікті және ынтымақтастықты нығайту.

Жоғары сынып оқушылары ЕV3 конструкторында құрастырған роботтар 4-сынып оқушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Іс-шара барысында барлық қатысушылар белсенділік танытып, робототехника бойынша білімдері мен дағдыларымен бөлісті.

МИФ пәндер бірлестігі айлығы аясында информатика пәні мұғалімдері Ныгманбекова К.М. және Қосымғалина А.Е. 4-сыныптар арасында «Роботтар шеруі» атты көрме ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ойлау, құрастыру, сөйлеу және өз жұмысын қорғау қабілеттерін дамыту. Көрме барысында оқушылар қолда бар материалдарды пайдалана отырып, түрлі робот үлгілерін құрастырып, өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетті. Іс-шараға барлық оқушылар белсенді қатысып, жұмыстарын жоғары деңгейде қорғады. Қорытынды бөлімде жасаған роботтарының сапасы мен идеясына сәйкес оқушылар жүлделі орындарға ие болып, мектеп директорының грамоталарымен марапатталды.


 

Информатика пәні мұғалімдері Ныгманбекова К.М. және Қосымғалина А.Е. 1-ауысым оқушылары үшін қоңырау уақытында «Көңілді үзіліс» ұйымдастырды. Ойынның шарты бойынша оқушылар шарды лақтырып, ол қандай түске түскен болса, сол түске сәйкес келетін сұрағы бар парақты таңдап алып, дұрыс жауап беруі қажет болды. Дұрыс жауап берген оқушыларға тәттілер таратылды. Іс-шара оқушылардың көңіл күйін көтеріп, белсенділік пен қызығушылық тудырды.


Информатика пәні Қосымғалина А.Е. және физика пәні мұғалімі Омарова А.Ч. 1-2 ауысым оқушылары үшін қоңырау уақытында «Көңілді үзіліс» ұйымдастырды. Ойынның мақсаты: Оқушылардың 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тану және оларды өсу ретімен дұрыс орналастыру қабілетін дамыту, зейін мен жылдамдықты арттыру 🔢

Омарова А.Ч. физика пәнінің мұғалімі

8А, "Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті" , 21-қараша, 3-сабақ, 9:50;

Мақсаты: Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициентіне есептер шығару

Сабақ мақсатына жетті. Мұғалім сабақта оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білді.  Тақырып күнделікті өмірмен байланыстырылды.  Жаңа сабақты Жақсы түсінген балалар, есептер шығарып сабақты қорытындылады.


Учитель: Смаилова Ш.Т.

Дата: 20.11.2025г

Тема: Типы данных.

 Цели урока: 

7.2.2.5 использовать различные типы данных в электронной таблице; 7.2.2.6 создавать формулы для вычислений в электронной таблицу Умеет использовать различные типы данных в электронной таблице;Умеет создавать формулы для вычислений в электронной таблице.

Цели урока достигнуты: учащиеся познакомились с типами данных и отработали навыки их ввода. Практическая часть позволила закрепить материал.

Учитель грамотно использовал демонстрацию на экране, темп урока соблюдён, переходы между этапами логичны. Использованы разнообразные методы: объяснение, практикум, мини-тест.


18.11.2025 ж. 8 «А» және 8 «Ә» сыныптарының қатысуымен сыныптан тыс «Math Quiz» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – логикалық ойлау, жылдам есептеу, математикалық идеяларды талдау және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру болды. Оқушылар әртүрлі бөлімдерден тұратын тапсырмаларды орындады: логикалық сұрақтар, тез есептеулер, математикалық жұмбақтар және өмірден алынған практикалық есептер. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасай білді. Командалар арасында әділ бәсекелестік орнап, оқушылардың математика пәніне деген ынтасы мен қызығушылығы артты.


📍 Мектептің орналасқан жері