«Үздік педагог -2026» мектепішілік байқауы
Өткізілген мерзімі: 27.04 – 30.04.2026 ж.
Республикалық «Үздік педагог – 2026» байқауының мектепішілік кезеңі мектептің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін анықтау, шығармашылық әлеуетін дамыту және озық педагогикалық тәжірибелерді анықтап, тарату.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу мектеп әкімшілігінің бақылауымен жүзеге асырылды. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы мектеп директорының бұйрығымен бекітілді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, инновациялық тәжірибелерін анықтау және тарату.
Міндеттері:мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру,заманауи педагогикалық тәжірибелерді анықтау,шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді қолдау,білім беру сапасын арттыру. Байқауға мектептің пән мұғалімдері қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 8 мұғалім.

Қатысушылар тізімі:
Тайжумина А.А.
Канагатова А.М.
Нурмаганбетова А.Р.
Какимова Ж.М.
Кенжибекова Ж.К.
Оразғалиева М.О.
Жұманұлы Нұрлан
Нұрғалиева Т.Т.
I кезең – Ұйымдастыру кезеңі
Бұл кезеңде байқау ережесі бекітіліп, ұйымдастыру комитеті құрылды. Қазылар алқасы тағайындалып, қатысушылардан өтінімдер қабылданды. Барлық қатысушыларға байқау талаптары түсіндірілді.
II кезең – Сырттай кезең
Сырттай кезеңде қатысушылар мектептің Instagram парақшасы арқылы өз материалдарын ұсынды.
Ұсынылған материалдар:
Портфолио (жетістіктер, сертификаттар, жарияланымдар, сабақ жоспарлары)
3–5 минуттық бейнетаныстырылым
Бұл кезеңде педагогтердің кәсіби жетістіктері, шығармашылық жұмыстары мен тәжірибелері бағаланды.
III кезең – Негізгі кезең
1. Ашық сабақтар (27–29 сәуір 2026 ж.)
Қатысушылар өз пәндері бойынша 40 минуттық ашық сабақтар өткізді.
Бағалау критерийлері:
Сабақтың құрылымы
Қолданылған әдіс-тәсілдер
Оқушылардың белсенділігі
Бағалау жүйесі
Ашық сабақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заманауи әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды.
Шеберлік сыныбы (30 сәуір 2026 ж.)
Қатысушылар 10 минут көлемінде мастер-класс өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Заманауи педагогикалық технологиялар көрсетілді.

Педагогикалық жағдаят (кейс)
Қатысушыларға нақты педагогикалық жағдай ұсынылып, олар қысқа уақыт ішінде тиімді шешімдерін ұсынды. Бұл кезеңде педагогтердің кәсіби ойлау қабілеті мен шешім қабылдау дағдылары бағаланды.
Психологиялық тренинг
Мектептің педагог-психологы мұғалімдермен тренинг өткізіп, ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға және жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.
IV кезең – Қорытынды кезең
Қазылар алқасы барлық кезеңдер бойынша жинақталған ұпайларды саралап, қорытынды шығарды. Байқау қорытындысы


Бас жүлде – Канагатова А.М.
І орын – Тайжумина А.А.
ІІ орын – Оразғалиева М.И.
ІІІ орын – Какимова Ж.М.
Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

6. Қорытынды
Республикалық «Үздік педагог – 2026» байқауының мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқау педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және шығармашылық белсенділігін дамытуға оң әсерін тигізді.
Қатысушылар өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін көрсетіп, заманауи білім беру талаптарына сай жұмыс істей алатындығын дәлелдеді.
7. Ұсыныстар
Байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу
Үздік тәжірибелерді мектеп ішінде және аудандық деңгейде тарату
Жас педагогтерді белсенді қатыстыру
Цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Нурашева И.Б.