«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» атты тарих пәні онкүндігі
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» атты тарих пәні онкүндігінің қорытынды есебі
09.12-24-20..12.2024 оқу жылы
«№31 жалты орта білім беру мектебі» КММ 09.12.2024-20.12.2024 жылы аралығында «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» тақырыбында тарих пәнінің онкүндігі болып өтті. Алдын ала онкүндіктің жоспары әдістемелік бірлестік отырысында қарастырылып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және мектеп директорымен бекітілді. Апталықтың жоспары ӘБ мүшелеріне таратылып хабарланды.
09.12.2024 жылы «Ұлт тәуелсіздігінің басты тұғыры-ұлттық құндылықтар-Тәуелсіздіктің 33 жылдығы» тақырыбында тарих пәні онкүндіктің ашылу салтанаты болды, онкүндіктің жоспары хабарланып, 1 қабатта фойеде домбырашылар күйлерін орындап, оқушылар мен мұғалімдерді жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Тарих пәні мұғалімдері оқушылар мен мұғалімдерге «Тарихи оқиғалар. Жылдар.Тарихи тұлғалар» тақырыбында викториналық сұрақтар қойып, «1 сұрақ-1 бауырсақ» акциясымен дұрыс жауап бергендерге бауырсақ таратылды. Тарих пәні онкүндігіне арналған «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні» тақырыбында банер, тарихи тұлғалардың портреттері мен нақыл сөздері жазылған қағаздар, қабырға газеттері мен тарихи тұлғалардың макеттері ілінді .


09.12.2024 жылы тарих пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «ҚЫЗЫҚ TIMES» картамен жұмыс ойындары ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты: Қазақ тарихындағы орны бар тарихи тұлғалардың туған жерлері мен өмір сүрген уақыттарын, тарихи тұлғалар туралы мәліметтер айту. Ойынға мектептің мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысты. Какртаға тарихи тұлғаларды орналастырды. Жеңімпаздарға тәттілер мен құрттар таратылды.


10.12.2024 жылы тарих пән мұғалімі Балтабекова Нургуль Аманжоловнаның ұйымдастыруымен «Историческое домино» тақырыбында ойын ұйымдастырылды.
Учащиеся приняли активное участие как в подготовке, так и в самой игре: отвечали на вопросы, развивали своё мировоззрение и интеллект, вспоминали исторические события и знаменательные даты по истории Казахстана. Настольная игра стала интересной для учащихся. Совмещение настольной игры со школьным предметом вызвало большой интерес у школьников.
11.12.2024 жылы тарих пәні мұғалімі Кенжибекова Жанар Кадыржановнаның ұйымдастыруымен 9 «А, Ә» сынып оқушылырымен «Алаш арыстары» мұражайында «Алаш ұрпақтары» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды

12.12.2024 жылы тарих пәні мұғалімдері Нысанбаева Гаухар Канатовна мен Балтабекова Нургуль Аманжоловнаның ұйымдастыруымен «Тарих-өткенге сабақ, келешекке өнеге» Желтоқсан оқиғасының қатысушы ардагердерімен кездесу ұйымдастырылыды.
Тарихи кездесу кешінің мақсаты: Желтоқсан оқиғасының қаһармандарын еске алу, олардың ерлдікьерін құрметтеу және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Желтоқсан оқиғасын көзбен көрген, тарихи оқиғаларға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Кездесу барысында ардагерлеріміз өздерінің естеліктерімен, бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісті.
Болашақ жастарға жүрек жарды тілектерін айтты. Мектеп оқушылары өлең жолдарын арнап, әннен шашу шашты. Тарихи кездесу жоғары деңгейде өтті. Оқушылар қонақтармен естелік фотоларға түсті.

12.12.2024 жылы тарих пәні мұғалімі Н.А.Балтабекованың ұйымдастыруымен «Отгадай личность» ұйымдастырылды.
В данной игре принимали участие ребята 5,6,7 -х классов. Ребята, выбирали карточку с портретом исторической личности, должны были отгадать и рассказать несколько фактов о герое. Данная игра повысила интерес к историческим личностям.
По окончанию мероприятия игроки команд получили призы. Победители курт, шоколад и чупа чупс

13.12.2024 жылы тарих пәні мұғалімі Ж.К.Кенжибекованың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында 9 «А,Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» тақырыбында павтриоттық кеш өтті.
Әдеби кештің мақсаты:Оқушылардың туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу. Патриоттық тәрбие беру

13.12.2024 жылы тарих пәні мұғалімі Н.А.Балтабекованың ұйымдастыруымен «ЧТО? ГДЕ? КОГДА?» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Данная игра была посвящена Дню Независимости Казахстана. Основная цель игры - сплочение участников в ходе групповой деятельности, подготовке и участии в интеллектуальной игре. Целью является закрепление знаний о своей стране, о его культуре, архитектуре, географических особенностях, об истории и реальном развитии Казахстана в настоящее время. Воспитание патриотизма было главной целью данной игры, так как патриотизм это любовь, к своей родине проявляющаяся через полноценные знания о ней. Исходя из этого, было выбрано название и тематика данной интеллектуальной игры.


18.12.2024 жылы Семей қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында «ЕЛ БЕРЛІГІ-БІР КІТАП» акциясы аясында тарих пәні мұғалімі Г.К.Нысанбаева және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 7 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «ШЕБЕР ТУРАЛЫ СӨЗ» атты Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл мерейтойына арналған әдеби кеш өтті.

20.12.2023 жылы тарих пән мұғалімдері мен «Қызыл-найза» дебат-клубының жетекшісі Еркежан Арманқызының ұйымдастыруымен Семей қаласының 7-10 сынып оқушылары арасында «Қазақстанның қазіргі даму деңгейі көңілге толады ма?", «Әлеуметтік желілер қазақ тілін дамытуға кері әсерін тигізеді деп есептейді?»тақырыбында қалалық пікірталас-дебат өткізді. Пікірталас өте қызықты өтті. 7-10 сынып оқушыларынан құрылған топтар биік дәрежеде дайындалғанын көрсетті. Сабақтан тыс шара өте көңілді тартымды өтті. Дебат қорытындысы бойынша:
1 орын- «№16 мектеп» фракциясы
2 орын-«№ 8 мектеп» фракциясы
3 орын-«№ 25» фракциясы жеңіске жетті. «Үздік спикер» номинациясын №16 мектептің оқушысы иеленді.
22.12.2023 жылы тарих пәні онкүндігінің соңғы күні өткізілген шаралардың қорытындысы өтті. Тарих пәні онкүндігіне белсене қатысқан , әртүрлі сайыстар мен сыныптан тыс іс-шараларда жүлделі орын алған сыныптар, оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды.
«№31 жалты орта білім беру мектебі» КММ 09.12.2024-20.12.2024 жылы аралығында «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» тақырыбында тарих пәні онкүндігі жоспарланған шаралар мезгілінде жоғары деңгейде орындалды.