«Цифрлық әлемге- кемел біліммен» апталық » «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№31 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-23-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Цифрлық әлемге- кемел біліммен» апталық
26
январь
2024

«Цифрлық әлемге- кемел біліммен» апталық

        «№31 жалпы орта білім беру мектебі» КММ 15.01-26.01.2024  жылы аралығында  «Цифрлық әлемге- кемел біліммен» физика, информатика, математика пәндерінің онкүндігі болып өтті. Алдын ала онкүндіктің жоспары ӘБ  отырысында қарастырылып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және мектеп директорымен  бекітілді. физика, информатика, математика пәндерінің онкүндігінің жоспары  ӘБ мүшелеріне таратылып хабарланды.

   15.01.2024 жылы«Цифрлық әлемге- кемел біліммен» тақырыбында математика, информатика және физика пәні онкүндіктің ашылу салтанаты болды, онкүндіктің жоспары хабарланып, 1 қабатта фойеде аталмыш пәндерге арналған әуендер ойнатылып, оқушылар мен мұғалімдерді жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Пән мұғалімдері оқушылар мен мұғалімдерге  математика информатика, физикаға байланысты сұрақтарды үзілістерді пайдаланып, тиімді өткізді.

 

23.01.2024 жылы математика пән мұғалімі Орумбаева А.Д.  5 «Б» сыныбында  «Сложение и вычетание десятичных дробей» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. 

23.01.2024 жылы информатика пән мұғалімі Қосымғалина А.Е.  10 «А» сыныбында  «Мәтінді форматтау. Тізімдер» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Бұл сабақтың мақсаты оқушылар тізім тегтерін қолданып құжаттың параметрлерін өзгертеді. 

Ашық сабаққа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  И.Б.Нурашева  және пән мұғалімдері қатысты. Ашық сабақ ұтымды жүйелі түрде өткізілді.    


23.01.2024 жылы математика пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жас математиктер сайысы өтті. Сайысқа 5- сыныптың оқушылары қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

  • «Бәйге» сайысы
  •  «Білімпаздар» сайысы 
  • «Ойлы болсаң озып көр» сайысы логикалық тапсырмалар 
  • «Мақалшылар»  сайысы 
  •  «Қайырымдылық»   сайысы 

24.01.2024 жылы Физика пәнінен 8 «А» сыныбында «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында түрлі платформалармен   және жаңа әдістер қолданылды. Сабақ қызықты өтті. Физикалық құралдармен оқушылар электр тізбегін құрап, есептер шығарды. Мұғалім сабақтың мақсатына жетті.

24.01.2024 жылы математика пән мұғалімі Масақбаева С.С. 7 «А» сыныбында «Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдана алу;

23.01.2024 жылы математика пән мұғалімі Куржикаева А.А. 9 «В» сыныбында «Теорема косинусов» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты:

  • үшбұрышты екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышты пайдаланып шешуді үйрету;
  • Осы тапсырманың практикалық бағытын көрсету;
  • Осындай есептерді шығаруда косинустар теоремасын қолдана білу дағдыларын дамыту;


24.01.2024 жылы информатика пән мұғалімі Ныгманбекова Камиля Манарбековна 6 «Б» сыныбында "Алфавит языка. Синтаксис." Тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Python программалау тілінің негізгі синтаксистік элементтерімен таныстыру және осы элементтерді программа жазуда дұрыс пайдалануды үйрету.


15-26.01.2024 жылы математика, информатика және физика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушыларына қабырға газеттер сайысы өтті. Сыныптар өте жоғары деңгейде дайындалған. Сайыстың қорытындысы бойынша:

25.01.2024 жылы информатика пәні мұғалімі Ш.Т.Смаилован 10 «А» сынып оқушыларына «Мәтінді форматтау. Сырғымалы жолдар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:web парақшада сырғымалы жолдарды құруда HTML тегтерін қолдану.Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары И.Б.Нурашева, Ж.К.Жуаспаева және информатика   пәні мұғалімдері қатысты.


25.01.2024 жылы маетматика пәні мұғалімі А.Ж.Исембаева 6 «Ә» сынып оқушыларына «Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару жолдарымен таныстыру

26.01.2024 жылы информатика, математика, физика пәні онкүндігінің соңғы күні өткізілген шаралардың қорытындысы өтті.

информатика, математика, физика пәндері онкүндігіне белсене қатысқан , әртүрлі сайыстар мен сыныптан тыс іс-шараларда  жүлделі орын алған сыныптар, оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Математика, информатика, физика пәндері онкүндігі  жоспарланған шаралар мезгілінде орындалды.