«Бастауыш сынып – білімнің іргетасы» бастауыш сынып бірлестігі » «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№31 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-22-69
Есепші бөлімі:
+7(7222) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыш сынып – білімнің іргетасы» бастауыш сынып бірлестігі
29
январь
2026

«Бастауыш сынып – білімнің іргетасы» бастауыш сынып бірлестігі

Бастауыш сынып айлығының өткізілуіне талдау

      Бастауыш сынып айлығы жоспарға сай ұйымдастырылып, белгіленген уақыт аралығында толық өткізілді. Айлықтың негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.


                 Айлық барысында өткізілген іс-шаралар мазмұны жағынан әртүрлі бағыттарды қамтыды:

Денсаулыққа бағытталған іс-шаралар («Денсаулық – зор байлық», «Шынықсаң, шымыр боласың!») оқушылардың дене белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттады. Оқушылар жарыстарға белсенді қатысып, ұйымшылдық танытты.           
                                                                                                                   
  • Шығармашылық және қолөнер жұмыстары («Шебер қолдар», «Таза ЭКО» клубы) барысында оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, экологиялық тәрбие алды. Құстарға арналған шемшашар жасау арқылы табиғатқа қамқорлық жасауға үйренді.
  • Білім мен сауаттылыққа бағытталған іс-шаралар («Сауатты, көркем жазайын – білімді болайын», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Озық ойлы оқушы»)  оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып, пәндерге қызығушылығын арттырды.
  • Әдеби-танымдық бағыттағы шаралар аясында Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, әндерін жатқа айту байқауы ұйымдастырылып, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен сөз мәдениеті мен көркем оқу дағдылары дамытылды.
  • Тәрбие жұмыстары мен ашық сабақтар (Б.Момышұлына арналған сабақ, математика, сауат ашу пәндері бойынша ашық сабақтар) жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.
  • Ата-аналармен жұмыс («Әке мен бала» кездесуі) арқылы ата-аналардың мектеп өміріне қатысу белсенділігі артты.
  • Психологиялық тренингтер  мұғалімдердің кәсіби күйін жақсартып, ұжымдық қарым-қатынасты нығайтты.


       Айлықтың соңында өткізілген «Жұлдыздар жарқырайды» және «Өлең – сөздің патшасы...» атты байқаулар оқушылардың шығармашылық әлеуетін толық ашуға мүмкіндік берді.

Қорытынды:

     Жалпы, бастауыш сынып айлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Оқушылардың білімге қызығушылығы артып, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттері дамыды. Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты.

   Ұсыныстар:

1. Осындай іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыру.

2. Ата-аналармен бірлескен жұмыстар санын арттыру.

3. Оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған жаңа форматтағы сайыстар енгізу.

4. Ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану.


📍 Мектептің орналасқан жері