«AI дәуіріндегі ана тілі» қазақ тілі бірлестігі айлық
2 наурызда 8-11 сынып оқушыларына айлықтың ашылуы өткізілді.
Жауапты мұғалім:Смагулова Самал Оралхановна
“Ұлт зиялылары ізіменен…”Оқушыларға қазақтың ұлы зиялыларының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, олардың еңбектерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

2026 жылғы 06 наурыз күні «Әдебиет және ұлттың рухани болмысы: жасампаз тұлғалар тойы» қабырға газеттерінің сайысы өтті. 5-9 сынып оқушыларының жұмыстары сайысқа түсті.


Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің шешімімен бірінші орынмен 5 «Б» сыныбы, екінші орынмен 7 «А» сыныбы, үшінші орынмен 6 «Б» сыныбы марапатталды. Аталмыш сыныптарға мақтау қағаздары табысталды.

Жауапты мұғалімдер: Исаева А.М., Какимова Ж.М.
2026 жылғы 11 наурыз күні 3-9 сынып оқушылары арасында «Өлең - сөздің патшасы...» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті.
«Өлең - сөздің патшасы...» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысының мақсаты:



Тақырыбы: «Жүзден -жүйрік,мыңнан- тұлпар» интеллектуалдық сайысы.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

«AI дәуіріндегі ана тілі» айлығы аясында, 2026 жылдың 16 наурызы күні, бастауыш сыныптары 4 «В» және 4 «Б» оқушылары үшін, қоңырау арасында көңілді үзіліс «Жылдам аудар» ойыны өткізілді.