Ағылшын тілі онкүндігі » «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№31 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-23-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
октябрь
2024

Ағылшын тілі онкүндігі

Қазан   айының 7-сі  мен 18 аралығында « A trip to a Knowledge land » атты  ағылшын тілі апталығы болып өтті. Апталықтың бірінші күні ағылшын тілі пәні мұғалімідерінің ұйымдастыруымен   ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты өтті.   Дауысты хабарлама арқылы апталықта өткізілетін жұмыстар барысымен оқушылар таныстырылды.


Ағылшын тілі  мұғалімі  Жаменкова Мейрамгуль Ғалымжановна «Taking the Racing world by storm» тақырыбында 9«А» сыныбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ өз деңгейінде өтті. Сабақ барысында  мұғалім тыңдауға үйрету дағдыларын дамыту барысында   мәтінмен  жұмыс  ұйымдастыра білді. Жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып  сабаққа оқушыларды қызықтыра  білді.Сабақ жоғары дәрежеде өтті. 


         Канагатова Аяулым Мейрамгазыевна  5 “А” сыныбында “Nationalities” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында   мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологияларды сабақта қолдана отырып, сабақтың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану барысында әр түрлі тапсырмалар орындады. Сабақта 4 дағдыны (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) қолданды. Әр ұлттың тулары  мен астаналарын есте сақтау барысында әр түрлі жаттығулар жасату арқылы оқушылардың  тілге деген қызығушылығын көрсетті.  Ұстаз   сөйлеуге үйрету бағытында тілдік материалды іріктеу, оқушыларды монологтық, сөзбен жұмыс істеуіне көмектесе отырып үлкен жұмыстар жүргізетінін көрсетті.Оқушылар сабаққа белсене қатыса отырып, өздерінің пәнге деген қызығушылығын көрсетті. Сабақ өз мақсатына жетті және жүйелі түрде өтті.

Карменова Анель Кайратовна “Heroes”  тақырыбында  6 A сыныбында ашық сабақ өткізді. Жаңа тілдік материалды меңгеруді қамтамасыз ету   жолында тілдік жаттығуларды(жазбаша ,ауызша) қолдана білді. Оқушылардың  тапсырмаларды орындау уақытты  тиімді пайдалануы, сабаққа қатысу белсенділігі дұрыс жолға қойылған. Сабақта оқушылар мәтінмен жұмыс жасады. Мұғалім сын тұрғысынан ойлау, болжау тәсілін қолданды.  Сабақ өз деңгейінде өтті.

  Ағылшын тілі   пәні мұғалімдері  Жаменкова М.Ғ ,Каирбекова А.А,Толымханова А.С  8-9сыныптар   арасында «Who is the winner »Intellectual game  тақырыбында сабақтан тыс шара  өткізді.Бұл сабақта сынып  оқушылары өздерінің білімдерін “Great Britain” тақырыбына викторина өтті.Сабақтың мазмұны тақырыбына сай болды.Сабақ өте қызықты өтті.Оқушылар берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындады.Топқа бөліну арқылы топқа бөлініп тапсырмалар орындады.

  Ағылшын   тілі күні бастауыш сынып пән мұғалімдері Толымханова А.А ,Жуаспаева Ж.К ,Рамазанова Г.Р  «In the World of Poetry» 4 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан сайыс  өткізді. Үлкен үзіліс кезінде балалармен сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып , балаларға балл белгіленген жетондар таратылды. 


Ағылшын тілі мұғалімдері Карменнова А .А мен Канагатова А.М   ның ұйымдастыруымен  6-7 сыныптар арасында  «The Star Hour» спартакиядасы өтті.Іс шара жоғарғы деңгейде өтті.Оқушылар топқа бөліну арқылы интерактивті тақтаның көмегімен әр түрлі қызықты тапсырмалар орындады. 

 4А және 4 А  сыныптары арасында « The Tortoise and The Hare » тақырыбында сабақтан тыс іс шара өтті. Балалар өткен тақырып бойынша өз білімдерін бекітіп , осы ертегінің видео қойылымын тамашалап ,әр түрлі тапсырмалар орындады. Ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап беріп,өз білімдерін жетілдірді.


3-4 сыныптар арасында сабақтан тыс іс шара өткізді. Сабақ жарыс түрінде өтті.Бастауыш сынып оқушылары өте белсене қатысты және өздерінің білімдерін шыңдады.  Орта   буын пән мұғалімдері   4-11 сыныптар аралығында «English time»  интерактивті үзіліс шара өткізілді. Сабақ барысында оқушылар үзіліс кезінде сұрақтарға жауап  беріп балл берілген жетондар таратылды.Іс шара өте қызықты өтті. 

Рамазанова Г.Р «Суреттер сөйлейді» атты 6 сыныптарарасында  суреттер сайысын өткізді.Балалар бұл сайысқа жоғарғы дайындықпен қатысты. « Great Britain» тақырыбына түрлі суреттер салып өз өнерлерін көрсетті.

« Great Britain» тақырыбына, қабырға газетін дайындау 5- 11 сыныптар арасында  оқушылары газет шығарды. Бұл сайысқа барлық сыныптар белсене қатысты


«Little red Riding hood»  4-5 сыныптар арасында Рамазанова Г.Р және Толымханова А.С қойылым даярлап көрсетті. Балалар өте жоғарғы деңгейде дайындалған,ағылшын тілінде еркін сойлеп,өздерінің шет тіліне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.Ертегіні өте жақсы ойнап шықты.


Каирбекова А.А мен Жаменкова М.Ғ ның жетекшілігімен  9-10  сыныптар арасында  атақты   «Romeo  and Juliet» қойылымын тамашаладық. Балалар асқан қызығушылықпен қатысып,өз ролдерін жақсы ойнап шықты. Ең бастысы жоғары сынып оқушыларының тілге деген құрметі мен асқан жауапкершіліктерінің куәсі болдық. Іс шара өз деңгейінде өтті.

Қорытынды кеш « A trip to a Knowledge land»  мектеп оқушылары арасында (songs, poems,wishes in English )ағылшынша оқушылар орындауындағы  әндер ,тақпақтар айту арқылы,қорытынды кеш өтті.Барлық іс шараларға белсне қатысқан оқушылар мен сыныптар  арнайы диплом және грамоталармен марапатталынды.

Апталықты қорытындылау барысында  барлық жүргізілген жұмыстар мен өткізілген сабақтар мен іс шараларға сараптау жүргізіліп,келешекте жүргізілетін жұмыстарға ұсыныстар бекітілді